Мен Замкенова Азиза Бегенчбаевна 1999 жылдың 25 қарашасында дүниеге келдім.
Жоғары білімді Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде алып,
«Бастауышта оқыту мен әдістемесі» мамандығы бойынша тәмамдадым.
Қазіргі таңда Өжек Жаңабаев атындағы орта мектеп» КММ-де
бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет атқарып келемін.
«Менің кәсіби таңдауым — жүрегімнің үні. Себебі бастауыш сынып — білім әлеміне жасалған алғашқы әрі ең маңызды қадам. Мен әр баланың бойындағы жасырын талантты оятуды, оның ойлау қабілеті мен қиялын ұштауды мақсат етемін. Біздің сабақтарда тек білім берілмейді, мұнда кішкентай саусақтардың ептілігінен (моторика) бастап, үлкен армандарға деген құштарлық қалыптасады».
Санатым – педагог-модератор,
педагогика саласындағы еңбек өтілім – 6 жыл.
1. 2023 жылы бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Алтын тұғыр» математикалық олимпиадасының аудандық кезең 1-орын
2. 2024 жылы бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Алтын тұғыр» математикалық олимпиадасының облыстық кезең 3-орын
3. 2024 жылы бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Алтын тұғыр» математикалық олимпиадасының облыстық кезең сертификат
4. 2022 жылы «Біз-сіздің ізбасарыңызбыз!» атты мектепішілік жас мамандар байқауы 3-орын
5. 2023 жылы «Үздік жас маман-2023» мектепшілік байқаудан 1-орын
6. 2024 жылы аудандық «Педагогикалық-дебют» байқауы «Жаңашыл ұстаз» номинациясы
7. 2024 жылы облыстық «Ұшқыр ой» шығармашылық идеялар алаңында 3-орын топтық жұмыс